РЕЖЕП ЕРДОҒАНДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Премьер-Министрі Режеп Тайып Ердоғанға президенттік сайлауда жеңіске

жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Р.Ердоғанды Қазақстан халқының және жеке өз атынан Түркия үшін тарихи маңызы бар сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

“Сайлау нәтижелері Сіздің қоғамдағы беделіңіздің, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді еңсеруге және Түркияның халықаралық орнын нығайтуға бағытталған саясатыңызға көрсетілген кең қолдаудың айқын дәлелі болды”, – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы, сондай-ақ, Р.Ердоғанның басшылығымен Түркия Республикасы халықаралық саясатта салмағы бар жоғары дамыған елдердің біріне айналғанын атап өтті.

“Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық деңгейіндегі бауырлас қарым-қатынастар нығая түсетініне кәміл сенемін”, – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Р.Ердоғанға зор денсаулық, жаңа қызметіне толағай табыс, ал бауырлас түрік халқына бейбіт өмір мен құт-береке тіледі.

 

***

Елбасы Түркия Премьер-Министрі Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Р.Ердоғанды 2014 жылғы 10 тамызда өткен жалпыхалықтық президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Екі мемлекеттің басшылары әңгіме барысында, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен болашағын талқылады.

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.