ЖОБА – СІЗДЕН, ҚОЛДАУ – БІЗДЕН

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде қаралған мәселе “Бизнестің Жол картасы – 2020” бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы.

Бүгінде өңірімізде шағын және орта кәсіпкерліктің 22 мың субъектісі тұрақты түрде жұмыс істеп, 135 мың адамды еңбекпен қамтып отыр. Комиссия мүшелері алдында сөз алған облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құралай Жарова жыл санап бағдарламаға деген қызығушылық артып отырғандығына тоқталып, былтыр үйлестіру кеңесінде 79 өтініш қаралып қанағаттандырылса, осы жылдың алты айында олардың саны 108-ге жеткенін көрсетті. Бизнес жоспарлардың дені тасымалға қатысты.

Бағдарламаны жүзеге асыру тұрғысында осы жылы біздің облысымызға бөлінген сома – 5,2 миллиард теңге. Оларды екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыруда бүгінгі күні “Ресей жинақ банкі” АҚ СҚОФ көш бастап тұрғандығын тілге тиек етті өз сөзінде Құралай Жарова. Олар өтініштердің 20 пайыздан астамын құптапты. Мемлекеттік көмекті дер кезінде пайдалануды ұйғарғандардың дені – петропавлдықтар, аудандарда бұл жұмыс сылбыр болса, Жамбыл, Тимирязев, М.Жұмабаев аудандарынан бағдарламаға қатысу тұрғысында бірде-бір өтініш түспепті. Комиссия мүшелері елді мекен тұрғындары бағдарламадан жетік құлағдар болмай отырғандығын алға тартып, бұқара арасында ақпараттық үгіт-насихат жұмыстарын күшейту керек деген ой тастады.

Облыстық мәслихаттың депутаты, “Қазақтелеком” АҚ СҚОФ директоры Әлім Шөкенов №2 жылу-электр орталығының жанындағы жылы каналда балық өсіруге, ал судан шыққан буды жылыжайға пайдалану керектігіне тоқталып, оны осылайша жыл 12 ай кәдеге жаратуға болатындығын атап көрсетті. Өз ісін ашамын дегендерге мемлекет жоба – сізден, қолдау – бізден деп отыр.

Самат ЕСМАҒИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.