ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Ақордада өткен Үкіметтің

кеңейтілген отырысында Министрлер кабинеті қайта құрылды. Бұдан былай Премьер-Министрдің екі орынбасары болады. Бірінші орынбасар болып Бақытжан Сағынтаев қалса, ал адами даму мәселелері жөніндегі орынбасарлыққа Гүлшара Әбдіқалықова тағайындалды.

Басқа тағайындауларға келсек, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін Қайрат Қожамжаров басқаратын болды. Ерболат Досаев Ұлттық экономика министрі, Тамара Дүйсенова Денсаулық және әлеуметтік даму министрі, Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәдениет және спорт министрі, Әсет Исекешев Инвестиция және даму жөніндегі министр, Владимир Школьник Энергетика министрі болып тағайындалды.

(“ҚазАқпарат” материалдары негізінде әзірленді).

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.