Сіз мындасыз: Home Білім “ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДУЭТ”

“ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДУЭТ”

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында тәлімгерұстаз бен жас

маманның бірлескен “Педагогикалық дуэт” кәсіби шеберлік байқауының облыстық кезеңі сырттай өтті.

“Педагогикалық дуэт” кәсіби шеберлігінің облыстық байқауына жалпы білім беретін мектеп, мектеп-интернат мұғалімдері, бастауыш, орта және кәсіби білім беретін ұйымдардың ұстаз-тәлімгерлері мен үш жыл еңбек өтілі бар жас мамандар қатысты.

Байқаудың сырттай кезеңінде қатысушылар “Менің педагогикалық ұстанымым” тақырыбында шығармашылық эссе, ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесінің сипаттамасы, тәлімгер-ұстаз бен жас маманның бірігіп істеген жұмысының және үздік сабақтардың жоспарлары және сыныптан тыс іс-шаралары жинақталған арнайы портофолио тапсырды.

Байқаудың осы кезеңінде жоғары ұпай жинап, топты жарып шыққан жеңімпаздар қатарында Тайынша ауданынан – М.Миняйленко мен И.Иманбекова (бастауыш сынып мұғалімдері), Қызылжар ауданынан – Р.Растенов пен Р.Сабирьянов (тарих мұғалімдері), Петропавл қаласының “Дарын” мектеп-лицейінен – Ж.Горбунова мен Е.Песоцкая (бастауыш сынып мұғалімдері), Петропавл қаласының №26 орта мектебінен – Қ.Айтмұханова мен С.Жағыпарова (математика мұғалімдері), Ақжар ауданы №1 Ленинград орта мектебінен – С.Кондрусова мен Э.Жандаулетова (физика мұғалімдері), Петропавл медициналық колледжінің оқытушылары Л.Матвеева мен А.Мұқашев бар.

Сырттай кезеңде жеңіп шыққан 10 команда облыстық педагог қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру институты базасында 26 қыркүйек күні өтетін байқаудың күндізгі кезеңіне жолдама алды. Олар онда “Таныстыру”, “Шеберлік сыныбы”, “Педагогикалық жоба” бойынша өздерінің білімдері мен біліктіліктерін сынға салады.

Светлана ШӘУКЕРОВА,

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ облыстық филиалының

 маманы.

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.