Сіз мындасыз: Home Білім ӨРЛЕУЛІКТЕРДІҢ ӨЗДЕРІ КЕЛДІ

ӨРЛЕУЛІКТЕРДІҢ ӨЗДЕРІ КЕЛДІ

Ақжар аудандық Білім бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен ауыл мұғалімдері біліктіліктерін арттырды.

 

Аталмыш аудан облыс орталығынан шалғайда жатқандықтан, курстарға барып-келу қиындық тудырады. Мұғалімдердің жағдайын ескере отырып, аудандық Білім бөлімі каникул кезінде “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық педагог қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру институты филиалының оқытушыларын шақырған болатын. Біздің өтінішіміз бойынша облыстық педагог қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру институтының аға жаттықтырушылары Қарашаш Жамантаева мен Әлима Қабденова ауданға дәріс беруге келді.

Курста “Білім беру кеңістігіндегі бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби бағытын өзгерту” және “Мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту мен тәрбиелеудің заманауи талаптары” тақырыптары қарастырылды.

Дәріс беруге келген жаттықтырушылар ауыл мұғалімдерін заманауи технологиялардың әдіс-тәсілдерінің қолданылуымен, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарымен таныстырды. Тыңдаушыларға оқушыларды сыни тұрғыда дамыту мен ойлантудың нақты әдіс-тәсілдері тәжірибе жүзінде көрсетілді.

Курсқа қатысқан мұғалімдер оқушы рөлінде топтарға бөлініп, өзіндік жұмыстар орындады. Олар білімдерін “дөңгелек үстел” басында қорғады. Қорытынды кезеңде топ мұғалімдері өз іс-тәжірибелері бойынша баяндамалар жасады. Онда тақырыптың ғылымилығына, өзектілігіне, мұғалімнің тәжірибесіне көңіл бөлінді. Әр топ өз жұмыстарын талапқа сай қорғап, мұғалімдер бірін-бірі бағалады. Өзара ұсыныс айтып, пікірлерімен бөлісті.

 

Әсия ДАНИЯРОВА,

аудандық әдістемелік кабинеттің

бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі.

Ақжар ауданы.

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.