ОТ ТА, СУ ДА – ТІЛСІЗ ЖАУ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің дағдарыс орталығында “Жаз айларында суға түсу кезіндегі

қауіпсіздік ережелері” деген тақырыпта брифинг өтті.

Шара барысында облыстық ТЖ жөніндегі департаменттің “Суда құтқару қызметі” ММ жетекшісі Виктор Держанский республикалық және облыстық БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап қайтарды.

– Жыл басынан бері суға түсу ережелерін қатаң сақтамағандықтан 28 солтүстікқазақстандық ажал құшса, олардың 9-ы – балық аулау үстінде, ал 19-ы шомылу кезінде қаза тапты. Мерт болғандардың ішінде екі бала да болды. Тұрғындардың ойламаған жерден ажал құшуына балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау, құтқару заттарынсыз шомылып, демалуға рұқсат етілмеген жерлерді пайдаланып, ата-аналардың балаларын қараусыз қалдыруынан, сондай-ақ, көп мөлшерде ішімдік ішуі басты себеп болып отыр, – деді Виктор Николаевич.

Брифинг барысында мемлекеттік өрт сөндіруді бақылау бөлімінің басшысы Денис Шуваев: “Үстіміздегі жылы 485 өрт оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 22 адам көз жұмып, құны 77 миллион 817 мың теңгені құрайтын материалдық шығын келді. Өрт оқиғасынан қаза тапқандардың саны өткен жылмен салыстырғанда 32 пайызға азайғанымен, материалдық шығын екі есе артты”, – деді.

 

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.