ОРМАНДАРДЫ ОТТАН САҚТАЙЫҚ

Орман алқаптары – еліміздің баға жетпес байлықтарының бірі. Болашақ ұрпақ жасыл байлықты пайдалансын десек,

оны сақтап, одан әрі көбейтуге атсалысуымыз керек.

Өкінішке қарай, үстіміздегі жылы орман қорына біраз нұқсан келтірілді. Жыл басынан бері облыстың орман алқабында 8 өрт орын алып, олардан 172 мың 655 теңге залал келді. Орман өрттерінің басым көпшілігі Айыртау ауданында орын алған – 3 өрт, Қызылжар ауданында – 2 өрт, Есіл, М.Жұмабаев және Мамлют аудандарында бір-бір өрттен шықты. Олардың барлығы хабар келіп түскен сәттен 1-6 сағат ішінде орман күзеті мен ерікті өрт сөндіру құрылымдарының күш-құралдарымен сөндірілді.

Орман өрттерінің басым бөлігі адамдардың орманда жұмыс істеген кезде немесе демалған жағдайда өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптарын бұзуынан туындайды. Және де мұндай табиғи апаттарға кінәлі адамды табу қиынға соғады. Демалыс күндері аталған от ошақтары саны 40 пайызға арта түседі, халық көптеп баратын елді мекендердің 10 шақырымдық төңірегінде барлық от шығулардың 93 пайызы орын алады.

Осыған орай облыс тұрғындары мен қонақтарына тағы да бір ескерткіміз келеді, егер орманға барсаңыздар, өрт қауіпсіздігінің мынадай қарапайым ережелерін білгендеріңіз жөн: тұтанған темекінің қалдығы мен сөнбеген сіріңкені тастауға, от жағуға, әйнек және тез жанғыш заттарды лақтыруға, отты сөндірусіз қалдыруға тыйым салынады. Егер де орманда от шыққанын байқасаңыз, дереу “101” немесе “112” телефондары арқылы хабарлаңыз, барлық орман және дала өрттерін жоюдың табыстылығы өрт орнына жедел жетуге байланысты.

 

Жазира ҚОЖАХМЕТОВА,

облыстық төтенше жағдайлар

жөніндегі департаменті өрт бақылау басқармасының бас маманы,

өртке қарсы қызмет подполковнигі.

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.